Ресей шет ел партияларына $300 миллион пара ұзатқан ба?

Жемқорлықта шекара жоқ болса керек. Орыстың жемқорлығы Ресейді қойып, әлемге қанат жайған екен. Шет елдердегі саяси партияларды, кейбір шенеуніктерді де паралап, оларды құпия түрде Ресейдің пайдасына жұмыс істетіп келген көрінеді. Шет елдердегі президент сайлаулары кезінде Ресей ондағы саяси партияларды іске қосатын болыпты. Ол партиялар Ресейдің ықпалын арттыруға жұмылған, Ресейдің көздеген үміткерін сайлауда жеңіп шығуына күш салған деген мәлімет пайда болды. Шет елдердің саясатта жүрген адамдарын парамен тақымдағанда 2014 жылдан бергісінің өзі 300 миллион долларға шығыпты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу