Украина мен Ресей арасында алапат соғыс оты тұтанып кете жаздады. Ресей билігі Украинамен шекарасының маңына әскері мен техникасын үйіп-төгіп, басып кіруге шақ қалған еді. Түркия бас болып АҚШ, Еуропа елдері, НАТО әскери блогы Украинаға қолдау білдіретінін айтқан. Өз кезегінде Украина соғысқа дайын екенін ашық білдірді, Түркияның берген «Байрақтарын» Ресей әскерінің төбесінен ұшырып сес көрсетті.