Ресей үшін Херсонды ұстап тұру күннен-күнге қиындап барады

Украинадағы соғыстың жай-жапсары күннен-күнге күрделі болып барады. Екі жағы да титықтап тұр. Ресей әскері үшін «шешінген судан тайынбастың» кері келіп, бар айла-амалы мен күшін сарқуға айналған сияқты. Енді ше, бастап қойған ісін тоқтатып, кері кетсе Кремль абыройдан жұрдай болатыны рас. Өз бақылауындағы аз жерден баз кешіп, өздерінің бұрынғы жылы орындарына қайта алмайтыны да содан. Тіпті мұнда Ресей билеушісінің ары қарайғы тағдыры тұр деуге де келеді. Себебі жеңілген жағдайда оған билікті қолдан беруге тура келуі мүмкін. Ал әскерінің салы суға кетіп жатқанын аңғару қиын емес.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу