Ресейдің әскери әуежайларында Қазақстанның несі бар?!

Ресейдің ракета тасымалдаушы және атушы ұшақтары орналасқан үш әуежайына ұшақсыз аппаратпен шабуыл жасалды. Әуежайлар мен ұшақтар әр түрлі дәрежеде зақымданды, қаза болған Ресей әскерилері бар. Бұл жағдай Ресейдің билігін едәуір алаңдатып отыр. Себебі ракета тасымалдаушы және атушы ұшақтар Ресейде көп емес. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, ондай арнайы ұшақтар Ресейде ондап қана саналады. Оған қоса ракета тасымалдаушы ұшақтар өздерінде өндірілмейді. Екі-үш ұшақтың істен шыққанының өзі Ресейдің Украина қалаларын ұзақтан атқылау шапшаңдығын едәуір төмендеткен. Жалпы, Ресейде ұзақтан ататын ракеталардың және ұшырылатын дрондардың өзі шектеулі болса керек. Соңғы шабуыл жасар алдындағы жоспар бойынша 120 ракетамен атқылауы тиіс еді. Оның орнына 70 ракета ұшырылды. Сол 70 ракетаның өзінің 60-ын Украинаның әуе қорғанысы межесіне жеткізбей жойған көрінеді. Ал орыстың кінәмшіл мамандарының кейбірі Ресейдің аумағындағы үш әуежайға ұшақсыз аппараттар Қазақстанның жерінен ұшып жетті деп көрер көзге жалған байбалам шығарып отыр. Қайтсін енді, жан алқымға келгенде көршілеріне сүйкеніп қалатын әдет тапқан дағы. Оның үстіне көршілерінің көмек қолынан күдер үзгені тағы бар. Іштегі қыжылды осындай ақпараттық жаламен басатын болар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу