Ресейдегі мобилизацияның қауырт науқандық сипат алып, апыл-ғұпыл өткізілуінің салдары ауыр болып жатыр. Әскерге алынғандардың майдан шебіне жеткізілгендері соғысып жарытып жатқан жоқ. Бара сала оққа ұшқандары мен тұтқынға түскендері бар. Мобилизация жариялана салысымен 59 жастағы бір запастағы полковник өз еркімен соғысқа аттанған екен. Барған бойда ертеңіне қаза болды. Жалпы, Ресейдің әскерін Украина әскері тықсыртып барады деген ақпарат көп. Авторы: Нағашыбек Алдан Оқыған: Нуриддин Бидосов