Көршіміз Ресейдегі халық толқуы көктемге дейін тоқтай тұратын болды. Бұл туралы атышулы саясаткер Алексей Навальныйдың аймақтың штабтар желісінің жетекшісі Леонид Волков мәлімдеді. Мұны алаңдарға шыққандарды полиция жаппай тұтқындап жатқанымен және көшедегі қарсылықтың бәсеңдеп қалуы мүмкін екенімен түсіндірді. Навальныйды қолдап көшеге шыққандар мен әлеуметтік желіде пікір жазғандардың арасында жұмыстарынан айырылғандар аз емес. Саясаткерлер мен сарапшылар не деп жатыр? Навальныйдың қамауға алынуымен Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін?