Қазақстанда Коронавирус жұқтырған алғашқы науқастар анықталды. Олар Германия мен Италиядан ұшып келген. Қай қалалар нысанада және вирус қаншалықты қауіпті? Талдап көрейік. Бұл «Анығын айтсақ».
Коронавирус Қазақстанға аурудың ошағы болған Қытайдан емес, батыстан бір-ақ келді. Демек, ендігі індет ошағы Еуропа елдері болуы мүмкін. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 жұқтырған алғашқы азаматтар: бір ер адам және екі әйел кісі. Олар 9, 12 наурыз Алматыға және 12 наурыз Нұр-Сұлтанға ұшып келген.