Соғыстан жалтарып Қазақстанда жүрген ресейліктер экстрадицияланады

Ресейдің іші бықпырт тигендей болып жатыр. Ондайды ешкімнің басына бермесін, халықтың ахуалы кісі қызығарлықтай емес. Қалаларда ел толқып, далаларда елден шығып кетуге асығып, жан-жаққа қарай анталаған жұртта есеп жоқ. Еуропа елдеріне кетулері қиындаған, ондағылар аттап бастырмайды. Ресей тұрғындарының бет алған тұстары Кавказ елдері мен Орталық Азия елдері. Әсіресе Қазақстанға еніп кетуге талпынып жатқандардың қарасы көп. Шекара маңындағы көлік кезегінің қарасы тым көбейіп тұр. Ресейліктер қазақ жеріне өткізіліп жатыр. Олар Армения мен Грузияға да көптеп ағылуда. Ол жақта да көлік кептелісі. Ал ұшақтарға билет жоқ. Ташкент пен Бішкекке келіп жатқандар да аз емес.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу