Қазақстандағы ең өзекті деген проблемалардың бірі – Солтүстік аймақтарды қоныстандыру. Соңғы жылдары бұл мәселенің оң шешімін табуға үкімет барын салып-ақ жатыр. Оңтүстік тұрғындарын апарып қоныстанадырғанымен, жергілікті байырғы тұрғындардың көшіп кетіп жатқандары аз емес. Сол себепті демографиялық өсім төмен, бала туу көрсеткіші өлім-жітімнің санынан кем. Әсіресе Қазақстанның Ресеймен шекаралас ауылдарында адам қалмай барады. Бұл қалай болғаны? Табиғаты әсем Солтүстік аймақтардағы ауылдардың өзен-көлдері мен орман-тоғайлары иесіз қаңырап бос қала ма? Шешімі қандай боларына зер салып көрейік.