Стамбул келіссөздері соғысты тоқтата ма?

Сонымен, бүкіл әлемнің назары Стамбулда. Ол жақта Ресей мен Украина арасында келіссөздер басталып жатыр. Украина мен Еуропа елдерінің 30 күндік шартсыз бітімut шақыруына жауап ретінде Стамбулда кездесу өткізуді Путин ұсынған. Бұл келіссөздер нәтиже бере ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Өйткені белгіленген уақыты – 15 мамырда күні бойы келіссөздің  басталуының өзі қиындап кетті. Путин келіссөзге бармайтын болды. Ол өзінің делегациясын жіберді. Путинмен кездесу үшін Түркияға Украина президенті Владимир Зеленский барған еді. Путиннің бармайтыны белгілі болған соң Зеленский бұл келіссөздің мәні жоқ деді. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу