Вирус жағадан алып, мұнай бағасы балақтан тартып жатқан қысылтаяң кезде Үкімет қоғам талқысына тосын қаулының жобасын ұсынды. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қатысы бар компанияларға Қазақстан аумағынан жер телімдерін ақысыз беру мәселесі. Неге? Дүрбелеңнің аясында қолдау табуды көздеді ме? Әлде басқа себебі бар ма?