Тәліб билігі Бейжіңмен ағайын болмақ

Ауғанстан халқының хәлі мүшкіл. Адамдар ішерге ас, киерге киім таппай қалудың сәл-ақ алдында тұр. Қазіргі тәліб билігі әлем елдерімен қатынас орнатуға ұмтылып жатқанымен әзірге нәтиже ойдағыдай емес. Себебі Ауғанстанмен араласуға ынта білдірген елдердің қимылы баяу. Ол да түсінікті, алдымен экономикалық қатынасты қалпына келтіру де керек. Ал гуманитарлық көмек жеткізіліп жатқанымен, ол 40 миллионға жақын халықтың жұмырына жұқ та болмайды. Осы күні Ауғанстанның бар үміті Қытайда. Өз кезегінде Қытай да Ауғанстанды тығырықтан шығаруға ниет білдірді.  

Автор: Нағашыбек Алдан
Оқыған: Нуриддин Бидосов

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу