Тоқаев: Бөтен ақпараттық соғыстар мен идеологиялық даулар бізге қажет емес

Қазақстан көпұлтты мемлекет. Сол себепті елімізде Қазақстан Халқы Ассамблеясы институты құрылған. Ел ішіндегі татулық пен тұрақтылыққа қызмет ететін институт болғандықтан мемлекет тарапынан қолдап-қуатталатын ұйым. Қазақстандық этностар қауымының ортақ шаңырағына арналған Қазақстан Халқы Ассамблеясының атқарар міндеттері де аз емес. ТМД елдерінде біздегідей осындай қоғамдық ұйым әзірге жоқ.  Сырт көздер мұндай ұйым билік пен қоғамның қарым-қатынасы үшін тиімді деп жатады. Шыны керек, Қазақстан Халқы Ассамблеясына көп үміт артылады. Себебі Парламентте орны бар, өңірлерде жергілікті құрылымдары бар әрі олар коммуналдық мекеме мәртебесінде жұмыс істейтін өзге ұйымдар жоқ болар, сірә. Осылай болған соң және Ассамблеяның Төрағасы Мемлекет басшысы болғандықтан жауапкершілік те өзге ұйымдардан гөрі еселеп артылуы тиіс емес пе? 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу