Түркия мен Әзірбайжан одағына Өзбекстан да қосыла ма?

Әңгіме арқауы Өзбекстан болып тұр. Ресей басылымдары Өзбекстанның Әзірбайжан мен Түркия одағына кірігіп жатқанын жазып, сан-саққа жүгірте бастады. Әңгімені әріден бастасақ, Түркия мен Әзірбайжан арасында Шуша келісімі деген құжат бар. Шуша – Қарабақтағы Әзірбайжан қаласы. Сол қалада Түркия мен Әзірбайжан арасында одақтастық жайлы келісімге қол қойылған. Ресей басылымдарының жазуына қарағанда, бүгінде Шуша келісіміне үшінші ел болып Өзбекстан кіріп жатыр. Ал Шуша келісімінде қауіпсіздік, соның ішінде сыртқы қауіптен бірігіп қорғану жағы да қарастырылған. Елдің құлағын көтеріп шулап жатқан – «Независимая газета» басылымы. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу