Бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтар аз сияқты болып көрінгенімен, қоғам ондайдан кенде емес сияқты. Топ-топқа бірігіп, неше алуан криминалдық ұйымдарға біріккен құрылымдар еліміздің әр қаласында жалғанды жалпағынан басып жүр. Осы күні криминалдық ұйымдардың арасында қақтығыстар болып тұратын жайттар да кездеседі. Көп жағдайда қылмыстық топтар ықпал жүргізу нысандарына және белгілі бір аумақтарға таласса керек.