Украин әйелдерін зорла деп күйеуін азғырған орыс әйелге іздеу жарияланды

Соғыстың тікелей атысу түрі немесе ақпараттық деген тәсілі өз алдына, одан бөлек бір-біріне іздеу жариялайтын нұсқасы да бар екен. Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқалы бері орыстар талай украиндыққа, ал украиндықтар талай орысқа халықаралық іздеу жариялады. Мысалы, орыстың жариялаған халықаралық іздеудегі украин адамы Ресеймен арада экстрадициялау келісімі бар елдердің біріне бара қалса ұсталады. Сөйтіп, ол Ресейдің қолына беріледі. Тура сол сияқты, украиндардың іздеу жариялаған орысы Украинамен арада экстрадициялау келісімі бар елге аяқ басса дереу ұсталады да Украинаға табысталады. Іздеу жарияланған адам электрондық базаға енгізілгендіктен шет елге бара қалса, аты-жөні бірден алдынан шығады. Соғыс басталғалы бері Украинаның құқық қорғау органдары «тергеуден қашып жүр» деп кем дегенде 700 ресейлікке халықаралық іздеу жариялаған. Олардың дені шенеуніктер мен саясаткерлер. Ресей де талай украиндыққа халықаралық іздеу жариялаған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу