Украинада қираған мектептер жөнделіп, сабақ басталды

Украина әскері жоспарлы шабуылға кіріскен. Текетірес екі жағына да оңайға соғып жатпағаны рас. Дегенмен таратылып жатқан ақпараттар Украина тарабының іске мықтап кіріскенін айтады. Басы-қасында жүрмегендіктен бұл соғысқа нақты баға бере алмасымыз түсінікті. Ресей насихатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының айтатыны бір басқа, ал Украинаның ақпарат көздерінің айтатыны бір басқа болып келеді. Хабарлардың дені Украина шабуылының екпіні қатты болып тұрғанын білдіруде. Әрине, ту сыртынан жау шапқанда атқа қонған әскердің ел мен жер қорғаны жөн-ақ. Ұзамай орыс әскері сыр беріп қалады деп сәуегейлік етіп жатқан сарапшы көп. Кім білсін, орыстар да адам жиып, майдан даласына сарбазды орманша қаптатуға жанталасып бағуда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу