Украинаға қазақтың қару-жарағы жеткізілген бе?

Қазақстанның әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі өндірісі осал емес. Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мақсатында көршілес елдерге қару-жарақты қайтарымсыз беруге қауқарлы елміз. Сондай-ақ Қазақстан қару-жарақты алыстағы шет елдерге экспорттап та келеді. Экспорт мәселесінде жақында дау туындап, оның соңы Қазақстан шет елдерге қару-жарақ сатуды бір жылға тоқтатумен тынды. Қазақстанның әскери техникасы мен қару-жарағын Ұлыбритания алып Украинаға жөнелтіп жатыр деген әңгіме тараған болатын. Осыған байланысты Ресеймен арақатынасымыз ушығып кетуі мүмкін болғандықтан Қазақстан қару-жарақ экспортын уақытша тоқтатты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу