Заң жобасын депутаттар қолдады

Қалада бейбіт жиындар өткізу үшін бұдан былай биліктен рұқсат сұраудың қажеті жоқ, тек жергілікті атқарушы органға ескертсе жеткілікті. Жиын өткізуге болатын орындар қала орталығынан алдын ала белгіленетін болады. Шенеуніктер жиынға көмек көрсетеді және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Журналистердің хабар даярлауына кедергі жасалмайды. Мұндай заң жобасын бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары қолдады. 
Бүгін Мәжіліс депутаттары «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, дауыс берді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу