Жер-жаһанда қарсылық акциялары етек алды

2022 жылдың соңы әлемде қарсылық акцияларының кезеңі ме дерсіз. Дүниенің түпкір-түпкірі тыныш емес, халқы толқып жатқан ел көбейді. ХХІ ғасыр болған соң халықтардың көзі ашық, көкірегі ояу. Көрер көзге әділетсіздік пен қысым көріп жатса көшеге шығып талап қою үрдісі бүгінде қанатын кеңге жайған болса керек. Себебі елдердің билігіндегілердің кез-келген қисық әрекетінің салдары халықтардың қарсылық акцияларына тап болып жатыр. Бір елдегі акциялар өзге көрші елдерге де әсер етіп, ондағылар да қозғалып бағады. Жер-жаһандағы қарсылық акциялары оң нәтиже беріп жатса құба-құп. Дегенмен халқының бастамасын күшпен басатын диктатор елдер де аз емес.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу