Жаһанданудың жөні осылай екен деп ұлтымыздың санасына сыймайтын жат үрдістерді халқымызға тықпалай беретін әдетті шенеуніктеріміз қашан қояр екен? Жат үрдістер ұлтымыздың болмыс-бітімін күңгірттендіреді, ішкі рухани байлығын кемітеді. Елімізде алғаш рет жыныс ауыстыруға мемлекеттік ресми құжат деңгейінде рұқсат етілді. Жынысымды ауыстырамын деген адамға есік ашық. Құлақ естіп, көз көрмеген мұндай сұмдықты халық шошына қарсы алды. Ал әлеуметтік желі қауғаға тиген өрттей лапылдады. Қазаққа мұның керегі жоқ, бұл азғындап тозған елдерге тән нәрсе деп дабыл қақты көпшілік.