ЕЛІМІЗДЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЛОКДАУН САҚТАЛАДЫ – А. ЦОЙ

Демалыс күнгі локдаун сол күйі сақтала береді. Осылайша, еліміздің бас дәрігері «күзгі толқынға» дайындық жұмыстарын бастап кетті. Билік коронавирустың өршіп кету қауіпін жоққа шығармады. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі «індетті дер кезінде ауыздықтауға сақадай-саймыз» деп сендіріп отыр. Алексей Цойдың жоспарына сенсек, қосымша төсек-орындар мен өкпені желдету аппараттары көбейтіледі.  Тіпті, министр жұрттың дәрі іздеп сандалған кездерін ұмытпапты. Енді препараттардың мөлшері азаймайтындай 2 айлық қоры жиналмақ. Алғашқы кезеңде абдырап қалған Үкіметтің ендігі дайындығын Қарлығаш Темірбайқызы сүзгіден өткізді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу