ҚАЗАҚСТАН–ОҢТҮСТІК КОРЕЯ БАҒЫТЫНДА ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ АШЫЛАДЫ

Қазақстан-Оңтүстік Корея бағытында әуе қатынасы ашылады. Әзірге мәселе Үкіметтің деңгейде қаралып жатыр. Азаматтық авиация комитеті Төрағасының орынбасары Ардақ Өтеповтың арнамызға телефон арқылы берген сұхбатында Түркиямен де байланыстың жанданатынын айтты. Алайда, түпкі шешімді тараптардың Үкімет өкілдері қабылдайды. Күні кеше Түркия Қазақстанның әуе компанияларына бағытты жауып тастаған, бір қызығы Туркиш Эйрлайнстың ұшақтары еркін қатынауда. Ал отандық әуе компанияларының табысы биылдың басынан 170 млрд-тан 99 млрд теңгеге бір жарым есе азайған. Сапарлағандардың саны 35 пайызға кеміген. Азаматтық авиация Төрағасының орынбасары бұл турасында да жағымсыз болжамын жеткізді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу