МАЛ АШУЫ – ЖАН АШУЫ: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАРУАЛАР ПОЛИГОНДАҒЫ АТЫСҚА ҚАРСЫ
Қызылордалық шаруалар дабыл қағуда. Жайылымнан 2 шақырым жерде орналасқан әскери полигонда 10 күннен бері атыс болып жатыр. Тарсылдан қорыққан жылқылар далаға бытырай қашып, үйірдің берекесі кеткен. Ал полигонның мемлекеттік актісі жоқ болып шықты.