Америкалық биржа индекстері құлдырап кетті, өндірістік Dow Jones индексі 4,15%-ды жоғалтып, сауданы 23860,46 көрсеткіш белгісінде жапты. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың соңғы төрт жылда бірінші рет 2,87%-ға жетуі салдарынан қор алаңдарында тағы да қобалжу пайда болды. АҚШ-тағы 30 жылдық ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 10 базистік көрсеткішке өсіп, жылдық 4,32%-ға дейін жетті деген Freddie Mac мемлекеттік ипотекалық корпорациясының мәлімдемесі жағымсыз жаңалықтардың қатарын толықтыра түсті.
Бағдарлама қонағы: Инвестициялық кеңесшісі - Данияр Жангелов.
Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.