Өңірдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатын, әлеуметтің әл-ауқатын һәм тұрмысын түзеуге темірқазықтай жол сілтейтін түрлі жоба-жоспарлар қолға алынған. Айталық, экономикалық саясаттың өзегі саналатын индустриалды-инновациялық даму бағыты соның айқын көрінісі. Әлбетте, оның шабысын күшейтуде іскер азаматтардың орны ерекше. Нұрлан Қалтаев секілді алақанды ысып, іс қылып жүргендер қоғам алдындағы міндетін де, алға қойған мақсатын да бір сәтке де ысырып қоймаған. Сәйкесінше, мұқым жұртты кемел келешекке, «Жаңа Қазақстанға» жетелеп келеді.