Абай облысы. Құрамы: 8 аудан 2 қала. Ауданы – 185 мың шаршы шақырым. Халқының саны – 638 мың. Аймақ бөлек отау құрып, өз алдына дербес өңір болып ашылғандықтан, оған артылған міндет те, жүктелген жауапкершілік те еселеп артты. Осы ретте өңірді алға жетелеу миссиясы жергілікті іскерлердің мойнында. Әсіресе, ата кәсіп мал шаруашылығына машықтанғандар өрге сүйреуі тиіс. Өйткені, қасиетті өлкенің шұрайлы жерлері мен тұмса табиғаты – түрлі дақылдар мен мал шаруашылығы үшін таптырмас орын. Мұны әлімсақтан түсінгендер ұлттық брендт ретінде қалыптастыруға бекінген. Соның жарқын үлесі – Шалабай ауылындағы ағайын.