Денсаулық сақтау саласында тағы да дау туды. Медициналық сақтандыру қорына жиналған қаражат ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқаны белгілі болды. Бұл былық Дамумед жүйесінен анықталды. Дәрігерлердің қазақстандықтарды жалған қабылдап, өтірік диагноз қоюына не түрткі және оларды мұндай заңсыздыққа итермелеп отырған кім? Жақында ұсталған Денсаулық сақтау-вице министрінің бұл былыққа қатысы бар ма? Бүгінгі «Бриф түйінде» осы сауалдарға жауап іздейміз.