Кредитке көлік міну арман емес, сән айналатын күн алыс емес. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі авто-несие шарттарына өзгеріс енгізгелі жатыр. Енді банктер бұрынғыдай несие жүктемесін май шаммен қарамайды. Бұл – отандық авто-өндірістің дамуына қарқын қосып, көлік сатылымын еселей түспек. Жоспар ауытқымай жүзеге асса, келесі жылы 200 мыңға жуық көлік шығарылуы тиіс.