Биоөндіріс: өнім & табыс

Кәсіпкер Батырхан Жұмановпен әңгіме биопакет өндірісі туралы.  Биопакет жүгері талшықтарынан, яғни табиғи шикізаттан жасалады. Сондықтан, ол кәдеге жарап болған соң, табиғатқа зиян  тигізбей тез ыдырап, топыраққа сіңіп кетеді. Дамыған елдер баяғыдан биопакетке таңдау жасап қойған. Италия мен Франция полиэтилен пакеттерін қолдануға заңдық тұрғыда тыйым салса, АҚШ тағы кейбір штат тұрғындары мұндай әрекеті үшін айыппұл төлейді. Тұманды Альбион азаматтары да қоршаған ортаға қамқорлық танытуды жөн санап, экопакеттерді сатып алады немесе шүберек дорбаларын алып жүруді әдет еткен. Ал, бізде ше? Отандық биопакеттерге сұраныс қандай? Қазақстанда алғаш болып табиғи экопакеттер өндірісін жолға қойған компания басшысы осы сауалдарға жауап береді.

Жүргізуші: Бибігүл Нысанбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу