Мақсаты мен мүддесіне сай Іскер хабарының қонағы болуға лайықты жандар өте көп. Олар табысты, талапты,талантты, «self made» адамдар. Олар – әртүрлі, кәсібінің табыстылығына, ісінің бағытына қарай әрқилы. Міндеті мен миссиясы бөлек. Оларды біріктіретін бір нәрсе бар, табысқа жетудегі табандылық. Хабардың бүгінгі кейіпкері – студент және кәсіпкер – Айбар Үсенов. Тәжірибенің жоқтығына қарамастан табанды, жігерлі жігіт. Сұхбат робот техникасы және кәсіпкерлік туралы.
Жүргізуші: Бибігүл Нысанбай.