Коммерциялық көлік қандай болу керек? Әрине бірінші кезекте ол өзінің иесіне ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетіп, оған міндетті түрде табыс әкелуі керек. Ал бізде мұндай көліктер бар ма? Бар. Тіпті олар өзімізде құрастырылады. Бүгін біз «Астана моторс» компаниясының «Хендай Транс Авто» көлік құрастыру зауытындамыз. Ендеше бүгін біз осы жердің тыныс тіршлігімен танысатын боламыз.
Спикерлер: 1) «Хендай Транс Авто» ЖШС-нің басқарушы директоры - Данияр Есмұратов; 2) «Хендай Транс Авто» ЖШС-нің өндіріс басшысы - Қайрат Ережепов; 3) «Хендай Транс Авто» ЖШС-нің коммерциялық бөлімінің басшысы - Руслан Байқабылов.
Тілші: Әнуар Кәрібозов.