Күніне 250-ге жуық жол белгілерін жасап шығаратын зауыт бүгінде отандық нарықты толық қамтамасыз етіп отыр. Оған қажетті материалдардың дені - отандық өнім. Соңғы 7 жылда 1 миллионнан астам жол белгілерін дайындап шығарған зауыт бүгінде ЭКСПО халықаралық көрмесіне қажетті алып павильондарды да жасаумен айналысады.