«Сандық Қазақстан» бағдарламасының болашағы

Мақсат - 8 жылдан соң, цифрлық бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болу. Әзірге электронды үкімет индексі бойынша 33, желінің дайындығы бойынша 39-шы орындамыз. ТМД аймағында көш бастағанымызбен, әлемдік деңгейде кенже қалғанбыз. Компьютерлік сауат көрсеткіші - 35%. Ал ғаламторды пайдалану деңгейі біршама жоғары, 84 пайызға жеткен. "Сандық Қазақстан" жобасын дамытуға 2021 жылға дейін 251 млрд.теңге жұмсалады. Егер жұмыс жоспарға сай жүргізілетін болса, осы сала бойынша әлемдегі ең озық 15 елдің қатарына кіреміз.

Студия қонағы: "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ Баспасөз хатшысы - Тимур Сержанов.

Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу