Отандастарымыздың өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 76 жасқа таяған. Жеті жыл бұрынғыдан үш жылға жуық көп. Бір қарағанда, қуантарлық жаңалық. Бірақ мәселенің екінші жағы бар. Адамдар ұзақ өмір сүрген сайын, оларды зейнетақымен қамтамасыз ету міндеті де күрделене түседі. Ең басты сұрақ – қазақстандықтар қартайғанда қаржылық қиындыққа тап болмай, лайықты өмір сүре ала ма? Қарттыққа жиғанымызбен қысылмай өмір сүруге бола ма? Саралап көрейік.