Отбасы банк баспана алу тәртібіне өзгеріс енгізді

«Отбасы банк» баспана алудың жаңа тетігін іске қосты. Енді аралық несие рәсімдеу үшін депозиттегі қаражатты алты ай бойы сақтап, бағалау көрсеткішінің бес балға жетуін күтудің қажеті жоқ. Бірақ бұл ипотека алу үшін қойылатын барлық талап жойылды деген сөз емес. Негізгі шарт – қарыз сомасының 50 пайызын депозитте ұстау. Мысалы, құны 30 миллион теңге болатын пәтерді алғысы келген азаматтың шотында 15 миллион теңге болуы керек. Демек, өзгеріс ең алдымен қажетті қаражаты бар, бірақ оны депозитте жарты жыл сақтауға үлгермеген азаматтарға тиімді. Бұл талаптың уақытша жеңілдетілгенін де ескеру керек. Жаңа тетік 15 қазаннан бастап іске қосылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу