Пандемияның әлегі әлі таусылмаған сыңайлы. Аты жаман індет «бар ма, жоқ па?» деп жүргенде, ауырғандар қатары артып, індет билікке де жеткенін көріп отырмыз. Бүгін тағы да 400-ге жуық адамда вирус анықталып, науқас саны 15 880-ге жетті. Бәрінен де алаңдататыны, бақиға аттанған адам саны 100-ге жетті. Бүгін Үкімет алдағы 2 күнге шектеу шарасын күшейтті. Оның талап-ережесі қандай?