Бос жұмыс орнын жасыратындар көбейген

Бос жұмыс орны ашылғанын жасырып қалуға тырысатын жұмыс берушілер қатары көбейген. Еңбек инспекциясы былтыр мұндай заң бұзушылықтың 31, биыл 65 фактісін тіркеген көрінеді. Заңға қайшы әрекет 96 жұмыс берушінің 82-сіне ескерту жасалып, бесеуіне айыппұл салынған. Не үшін айыппұл арқалағандарын түсіндіре кетейік. Әлеуметтік кодекстің 103-бабына сәйкес, жұмыс беруші жаңа вакансияларды 5 жұмыс күні ішінде электронды еңбек биржасына орналастыруы тиіс. Ал олар бұл талапты ескермеген. Жалпы бұл талаптың өзі орынды ма? Мемлекеттің мүддесі мен кәсіпкерлердің көзқарасы қандай? Саралап көрдік.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу