Кәсіпорындарды шағын, орта және ірі бизнеске бөлу тәртібі қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Премьер министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Нақтырақ айтсақ, бұл мәлімет еліміздің бас экономисінің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. Депутаттар кәсіпкерлікті санатқа бөлгенде жұмысшылар санын есепке алмауды ұсынған еді. Ал Үкіметтегілер қандай ұйғарымға келген? Ұстанымы қандай? Саралап көрейік.