Джон Хопкинс атындағы университеттің онлайн картасы жаһанда науқас саны 9 миллион 115 мыңнан асқанын айтып отыр. Коронавирус жайлаған жарты жылда 472 мынан астам адам вирусты жеңе алмай көз жұмды. 2 миллион 380 мыңнан аса адамда вирус анықталып отырған ел- АҚШ. Аты жаман індеттен АҚШ-та 122 мың адам қаза болған. АҚШ-тан соң індет өршіп тұрған ел Бразилия. Қазір бұл елде науқас саны 1 миллион 100 мың адамнан артты. Бразилия адам қазасы жағынан да АҚШ-тан кейін антирекорд көрсетіп отырған ел. 51 мыңнан аса адам індеттен көз жұмғанын халықаралық жаңалықтан естіп отырмыз. Індеттің екінші толқыны белең алғаны айтылып жатыр. Содан да болар, Еуропа елдері арасында карантинді қайта күшейтіп жатқандары бар. Елде де науқас саны артпаса, әлі тоқтаған жоқ. Жаһан мен елдегі соңғы ақпарға шолу жасап көрейік!