Әлемде неше түрлі елдер бар. Қиюы кетіп, тіршілігі еш алға жүрмейтін мемлекеттер де көп. Сол сияқты, сән-салтанаты жарасқан, экономикасы алға озған мемлекеттер де баршылық. Әр елдің өз ерекшелігі болғандықтан бір-біріне ұқсамайды, бір-біріндей бола да алмайды. Мысалы, біздің еліміз мың жерден тырысса да жуық арада Жапония сияқты жолға түсе алмас. Сол сияқты барлық ел дербес, әрқайсысының өмір-тіршілігінің өз жолы бар. Өмір қағидалары тым өзгеше, руханияты мен тіршілік ету философиясы да өзгеше, ешбір басқа халықтарға ұқсамайтын елдер де баршылық. Ондай елдерге сырттай қызығасыз, болмасаң да ұқсап бақ демекші, соларға теңессек деп қиялдайсыз. Ал өмір сүру дағдысы өзгеше елдер жайлы білу де бір ғанибет, танымдық дүние емес пе?