Жаңа заматтық кодексті әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Әділет министрі мәлімдеді. Сөзінше, жаңа Кодекс меншік иелерінің құқықтарын қорғауды күшейтуге, адал сатып алушылардың мүдделерін сақтауға және шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады. Сол арқылы болашақ экономиканың құқықтық негізіне айналуы тиіс. Жалпы азаматтық кодекс азаматтың мүлкіне, кәсіпкердің табысына, инвестордың капиталына, мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасқа тікелей ықпал ететін негізгі құқықтық құжат. Сондықтан оны жаңарту заңгерлердің ғана шаруасы емес, бүкіл экономиканың болашағына қатысты мәселе.