АТТРАКЦИОНДАРДА ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КІМ ЖАУАПТЫ?

ЖАУАПТЫ БІРАҚ ЖАУАПСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР

Айналып тұрған аттракцион оқыс тоқтап 8 бала зардап шекті. Қиял әлемі саябағында 17 жастағы жігіт қаза тапты. Көк-Төбеде Катапультаға отырған жасөспірім 5 метр биіктен құлап, зардап шекті. Желдің күшіне шыдамаған батут аударылып, оқушы көз жұмды...Бұл елімізде соңғы бір жылда аттракциондарда болған оқыс оқиғалар. Ал осы аптада елді тағы бір жағдай елең еткізді. Қарағандыда қонақ үйдің төбесінен – 25 метр биіктіктен секірген әйел қаза болды. Бейнекадрлар әлеуметтік желіге тарап, елдің зәресін алды.Сондықтан ол бейнежазбаны көрсетпейміз. Қайтыс болған 
33 жастағы Шахтинсктің тұрғыны бұған дейін де Роуп-Джампинг, яғни экстремалды спорт түрімен айналысқан. Екі рет секірген. Ал үшінші секіруді жақындары туған күніне сертификат түрінде сыйлаған...Әрине, олар көңіл көтерудің соңы қайғылы аяқталады деп ойламады.Бұл бір ғана отбасының мәселесі емес. Бұл біздің қоғамның, жылдар бойы шешілмей келе жатқан біздің Үкіметтің проблемасы...Не істеу керек? 

Аржан Садуақас - Заңгер 
Венера Бидахметова - ҚР парашют спорты федерациясының мүшесі
Ерлан Мақатов - Нұсқаушы, ҚР парашют спорты федерациясының мүшесі

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу