Елімізде тұтынушылар құқығы тиісті деңгейде қорғалуда ма?

Бүгінгі хабарымызда тұтынушылардың яғни сіз бен біздің құқығымыз қалай қорғалып жүр деген мәселені талқылаймыз. Неге? Өйткені соңғы кезде азаматтардың түрлі қызметтерге айтатын арыз-шағымдары артқан. Мәселен, Сауда және интеграция министрлігі 2019 жылы 6 мыңға жуық, 2020 жылы – 20 мыңнан астам, осы жылдың 10 айында ғана – 21 мыңнан астам өтінішті қараған. Байқасаңыздар жыл сайын арыздар саны артуда. Оны Бақыт Сұлтановтың өзі Үкімет отырысында айтты. Түйткілдің түйінін тарқату үшін Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізілетінін де хабарлады. Бұл қордаланған мәселені шеше ме? Сан сауалдың жауабын алдағы жарты сағатта береміз.

Күнзадаш Саттықова (Әмитқызы) - Тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығының сарапшысы  
Тұрсын Жағыппарова (Бәткенқызы) - «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығы төрағасының орынбасары 
Ақмарал Палмаханова - Адвокат, Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасының мүшесі

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу