Қыркүйектің басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Сол жағалауда көтерілген мәселелердің бірі ол - шетелдің арзан әрі сапасыз тауарларына тосқауыл қойып, елімізді өзіміздің отандық өнімдермен толық қамтамасыз ету. Президенттің сөзінен үзінді келтірсем: «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі қолданыстағы мемлекеттік бағдарлама келесі жылы аяқталады. Үкіметке бизнес өкілдерімен бірлесіп, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны әзірлеуге кірісуді тапсырамын». – деді.
Негізгі міндет:
– әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету;
– миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру;
– еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту;
– агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру
Бұл бағытта не істеліп жатыр? Импортты отандық өнімдермен толық алмастыру мүмкін бе? Бүгінгі бағдарламада осы сұрақтарға жауап іздейміз. Спикерлермен таныс болыңыздар:
Әділхан Сейтенов - ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаменті, азық-түлік нарықтары басқармасының бас сарапшысы,
Жигули Дайрабаев - Қазақстан фермерлері қауымдастығының президенті,
Кемелхан Әбілеков - «Қытай-Қазақстан азық-түлік индустрия кәсіпкерлері» қауымдастығының президенті.