Украина мен Ресей, Ресей мен АҚШ, АҚШ пен Қытай, соңғы кезде осы елдер арасында алауыздық өршіп тұр. Бір сөзбен айтқанда геосаяси жағдай жақсы емес. Сәуірдің 16-нан бастап Ақ үй Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, екі ел басшысы бір біріне БАҚ арқылы қарсылық негізіндегі сәлемдемелерін жолдауда. Күні кеше солтүстіктегі көршіміз Халықаралық Свифт төлем жүйесінен ажыратылуы мүмкін дегеген ақпарат тарады. Украина Еуроодаққа осындай өтініш білдірген. Ал бұл ақпарат алмасу және банкаралық төлемдер жасау жүйесіне 200 ел қосылған. Ресей ондағы ірі қатысушылардың бірі. Бұл нені білдіреді? Аталған елдер арасындағы жағдай жақсармаса не болады? Кім ұтады, кім ұтылады?
Расул Жұмалы - саясаттанушы
Қанат Абдулла - Экономист
Досжан Алтай - Халықаралық экономика зертеушісі