ҚАЗАҚСТАНДА РЕСЕЙЛІК ТІРКЕУДЕГІ 210 МЫҢ АВТОКӨЛІК БАР
ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДІҢ ТЕК БІР ЖОЛЫ БАРЫН АЙТТЫ
Осы апта көлік жүргізушілерінің наразылығымен басталғаны бәріңізге белгілі. Ресейден көлік кіргізген қазақстандықтар тұлпарларының тәркіленіп жатқанын жарыса жариялап, әр өңірде шағын шеруге шықты. Басты талаптары – шетелдік нөмірлі көліктерге салынатын утилизациялық алымды төмендету немесе бірреттік рақымшылық жасау. Қазір Қазақстан бойныша 210 мың ресейлік нөмірлі көлік барын ескерсек, бұл мүмкін бе? Болмаса түйткілді тарқатудың қандай жолы бар? Сол жағалауда жауап береміз
Қайрат Манапов - Қоғам белсенісі, заңгер
Нұраддин Садықов - «НЕТУТИЛЬСБОРУ» қозғалысының белсендісі
Нұрділдә Ораз - ҚР ІІМ ресми өкілі
Абзал Құспан - Заңгер