Бүгінде елімізде студент, магистрант, докторанттар үшін жатақханада 69 036 орын жетіспейді. Билік осы мәселені шешу үшін бизнес өкілдеріне арнайы қаржы бөліп, қолдау көрсетуді ұсынып отыр. Бұл жұмыстың операторы - "Қаржы орталығы" Акционерлік қоғамы. Осы ұйымның Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Айнұр Сағындықова аталған бастама аясында биыл білім алушыларға 12 мың орын беріледі. Нәтижесінде келесі жылы 20 мың тапшылықты жоямыз деп отыр. Жұмыс осы қарқынмен жүзеге асса, алдағы 3-4 жылда білім алушылар жатақханада орын жоқ деп қиналмайды.