Асқар Сағитжан, экономист: Жұмыссыздық туралы Еңбек министрінің аузынан енді шығып жатыр
Экономист Асқар Сағитжанның пікірінше, Үкімет елдегі жұмыссыздар санын енді ғана мойындап келе жатыр. Тіпті, Еңбек министрінің аузынан да осы жұмыссыздық туралы ақпарат енді шықты дейді ол. Сондықтан, азық-түлік себетін қайта қарауды ұсынады. Үкімет беретін қаражат көлемін нарықтағы күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасына сәйкестендіріп берсе дейді. Ал, 42500-дің орнына әлеуметтік төлем 100 мың теңге болуы тиіс деген пікірде. Экономист сондай-ақ Үкімет карантинге қайта жабу емес,халықты карантинсіз аман алып өту жоспарын жасаса дұрыс деген пікірде.