Депутат Есеп комитетін саясаткерлерден тазартуды ұсынды

Есеп комитетінде кәсіби білімі жоқ адамдар мүшелікте болған. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев бүгін Атамекен Бизнес телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында айтты. Депутаттың сөзінше, Есеп комитеті – тәуелсіз қаржылық бақылау ұйым. Сондықтан, оны кәсіби орган жасау керек екен. Есеп комитеті жоғары қаржылық бақылау органы ретінде қалыптасса да,кейінгі кезде оның 8 мүшесін тағайындау кезінде оставкадағы, Парламент депутаттығынан кеткен адамдар тағайындалып отырған. Тіпті, есеп-шотты білмейтін, аудиттің иісі мұрнына бармайтын тәжірибесіз адамдардың комитетке барып жатқанына қынжыламын дейді депутат. «Мен олардың жеке тұлғасына қарсылығым жоқ. Олар өз саласының мамандары.Дегенмен, ол саяси орган емес, кәсіби орган екенін ұмытпаған жөн» дегенді айтады Омархан Өксікбаев. Омархан Өксікбаев Есеп комитетін 2003-інші жылдан 2012-інші жылға дейін басқарды. «Мен кеткелі Есеп комитетінің 22 басшысы ауысқан. Оның тек 3-еуі ғана кәсіби маман болды» дейді депутат. Айта өтейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа жолдауында Есеп комитетінің құзыретін арттыру туралы айтқан болатын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу